Жаңалықтар

Қызылордада 25 жастағы ер адам 20 жасар әйелін ұрып өлтірді

Күдікті ізін суытпай ұсталды

Қызылорда облысында 25 жасар ер адам 20 жасар әйелін ұрып өлтірген. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Jambylinfo.kz.

Полицияның мәліметінше, 
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылына қарасты қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. 

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүргізілуде

Кеше таңғы сағат 6-да Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Майлытоғай ауылына қарасты қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. 

"Марқұмның денесінде жарақаттың  іздері болған. Күдікті ретінде марқұмның күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған  іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.