Жаңалықтар

Қызылордада 3 жасар қыз балконнан басын шығара алмай қалды

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған

Қызылорда қаласында көп қабатты үйдің балконына  шыққан 3 жасар қыз бала темірден басын шығарып ауланы көрмек болған. Бұл туралы танымал журналист Гүлмира Әбіқай жеке парақшасында жариялады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Ауланы көріп болған соң, қыздың басы кері шықпай, темірдің арасына қысылып қалған. Өздігінен шығармақ болғанынан нәтиже шықпаған соң, қыздың ата-анасы суырып алмақ болып ұмтылған. Бірақ ешкім шығара алмай, әлекке түседі. 

Ақыры  төтенше жағдайға хабарласады.

Құтқарушылар темірді кесіп, 3 жасар қызды аман-есен құтқарып қалды.