Қызылордада 48 жастағы сотталған азамат аттестат алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 маусым, 2025
- 265

Қызылордадағы №37 түзеу мекемесінде ерекше шара өтті – 48 жастағы сотталған азамат орта білім туралы аттестат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Бұл – оның түзелуге деген ұмтылысы мен жаңа өмірге жасаған қадамының нәтижесі.
Салтанатты рәсімге кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері мен тәрбие бөлімі қатысты. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелсе де, бұл азамат табандылығы арқылы мектепті аяқтады.
Шынын айту керек, бүгінгі таңда түзелемін деген жанға барлық мүмкіндік жасалып отыр. Басты мақсат – шалыс басқан жандарға бағыт-бағдар беріп, оларды қайта қоғамға бейімдеу, бостандықта өз орнын табуына жол ашу, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.
Аттестат иесі де өз қуанышын жасырмады:
Жасымның үлкеніне қарамай, қайтадан мектеп партасына отырып, қолыма қалам алу оңай болған жоқ. Бірақ болашағым үшін, өзімді өзгерту үшін бұл қадамға бел будым. Еңбегім ақталып, бүгін аттестат алып тұрғаныма шын қуаныштымын, – дейді ол.
Бүгінде №37 мекемеде 5 сотталған білім алуда. Жалпы, №37 және №60 мекемелерінде 39 адам оқып, оның 17-сі аттестат алды. Бұл – адам ерік-жігері мен үмітінің айқын дәлелі.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапты
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 шілде, 2025