дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылордада жаңа Қан орталығы пайдалануға берілді

Қызылордада жаңа Қан орталығы пайдалануға берілді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Оның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты

Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланды, деп жазады Jambylinfo.kz.

Облыс орталығындағы Қан орталығы жылына 10 мың адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. 

"Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде елді мекендерде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Аудандық ауруханалар да жаңғыртылады,"-деді Тамара Дүйсенова. 

Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар