Жаңалықтар

Қызылордада ауыл тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада ауыл тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі хабарлады. Мәлім болғанындай, Қожамберді ауылының 44 жастағы тұрғыны Асылбеков Абайхан 18 қыркүйекте таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған. «Үстінде қара спорттық киім болған, аяғына ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне, 8-(72435) 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.