Жаңалықтар
Қызылордада балалар үйінен жоғалған үшінші қыз 4 күннен бері табылмай жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 28 наурыз, 2021
- 226
Қызылордада балалар үйінен жоғалған үшінші қыз 4 күннен бері табылмай жатыр
Қызылордадағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан кетіп қалған үшінші қыз әлі табылмай жатыр.
Бұл жайында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы мәлімет таратты.
2004 жылы 27 тамызда туған Ділдә Мұсабекқызы Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Қызылорда облысының полиция департаменті қызға іздеу салады.
Белгілері: бойы - 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған.
Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.
Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берген жөн: 8 (7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада үш жасөспірім қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Кейіннен қыздарды іздеуге еріктілер де қосылды.
Арада біраз уақыт өткенде екі қыз Алматы қаласынан табылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз