Қызылордада интимдік қызмет көрсетуге үй-жайын ұсынған ер адам жауапқа тартылды
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 6 тамыз, 2024
- 384
Оған 390 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Қызылорда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Интимдік қызмет бөлмесін ұсынып жүрген ер адам бұрын да осындай қылмыс жасап, жауапқа тартылған. Ол саунада жұмыс істейді. Ол екі әйелге жыныстық қызмет көрсету бөлмесін ұсынған.
«М.-ның заңсыз әрекеттері куәгерлердің іс бойынша айғақтарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Құқық бұзушы Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабының 2-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 387 660 теңге сомасында әкімшілік айыппұл тағайындалды», – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Ол өзінің кінәсін толық мойындап, айыппұлмен құтылды.