Жаңалықтар

Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

Оқиға қаладағы №217 орта мектепте болған. Оқушылар арасындағы жанжалдың неден басталғаны әзірше белгісіз. Сабақ арасында үзіліске шыққан 11-сынып оқушысы сыныптасын үш жерден пышақтаған. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Оқушының пышақты мектепке қайдан, қалай әкелгені белгісіз. Ал білім бөліміндегілер жарақаттың пышақтан болғанын жоққа шығарып отыр. Күдікті жасөспірім қазір үйінде. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.