Жаңалықтар

Қызылордада Сәтбаев қаласының бұрынғы прокуроры сотталды

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

 Қызылорда қаласының № 2 соты Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының бұрынғы прокурорына қатысты сот процесін аяқтады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық), 28-бабы 4-бөлігі және 367-бабы 2-бөлігі (пара беруге арандату) бойынша кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен айыпталушыға:

ҚК-нің 190-бабы бойынша — 3 жылға,

ҚК-нің 28 және 367-баптары бойынша — 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жазалар қатаң жазаға біріктіріліп, жалпы алғанда 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде, соның ішінде судья, прокурор, қаржы және ұлттық банк салаларындағы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Аталған іске қатысты сот үкіміне берілген апелляциялық шағым облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.