Жаңалықтар
Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 мамыр, 2021
- 284
Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кетті
Қызылордада таксиге мінгізіп жіберген жеті жастағы бала жоғалып кетті.
Оқиға барысы былай өрбіген. Келіні жеті жастағы ұлымен бірге ата-әжесінің үйіне қонаққа келген.
Содан кейін жеткіншек әжесінің үйінде қалуды жөн көреді.
Келесі күні таңертең әжесі такси жүргізушісіне нақты мекенжайын көрсетіп, анасына жіберген.
Бір сағаттан кейін келініне қоңырау шалған арызданушы баланың үйге әлі келмегенін біледі.
Содан кейін дереу 102 арнасына хабарлама түсіреді.
Аталған дерек бойынша дереу іздеу шаралары ұйымдастырылған.
«Қызылорда қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеуге кіріседі. Баланы барлық жерден іздеген полицейлер, үй маңайындағы барлық жерді тінтіп шыққан. Такси жүргізушісі көрсетілген мекенжайды таппай, баланы әжесі отырғызған жерге қайта апарып тастаған. Осылайша жасөспірім бала үйді шатастырып, жоғалып кеткен. Көп ұзамай бала табылды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала