Қызылорданың сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
- авторjambylinfo.kz
- 6 наурыз, 2025
- 159

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы орайда Қызылорда облысының Арал ауданындағы сумен жабдықтау жүйесін салу және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.
Негізгі жобалар:
Тоқабай және Абай ауылдары – 3 мыңнан астам халқы бар елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Арал–Тоқабай–Абай магистралі салынуда. Жоба 2021 жылы басталған, оны толық аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге бөлініп, нысан 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ақбасты ауылы – шамамен 400 тұрғыны бар елді мекенді сумен қамтамасыз ететін Қосман–Ақбасты магистралі құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген, ал қалған 524 млн теңге Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Бұл жобалар ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Сумен жабдықтау жүйесін дамыту – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады және Мемлекет басшысының қалалар мен ауылдарды 100% ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз