Жаңалықтар

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр – Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында елімізде қызылшаның таралуы жайлы мәлімет берді. «Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек орын ашылды. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылған, жүктеме 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында 79% жоғары екені байқалады», – деді министр. Емдеуге жатқызылғандардың арасында 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар.