Жаңалықтар

«Өз әрекеті үшін өзі жауап береді»: Министр Оралов Шүменов жайлы

«Өз әрекеті үшін өзі жауап береді»: Министр Оралов Шүменов жайлы

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов боксшы Бейбіт Шүменовтың төбелесі жөнінде пікір білдіріп, қазақ боксы мектебін мақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Әлеуметтік желіге тараған ақпараттардың бәрін көрдік. Мен де көрдім. Біз де жан-жақты мониторинг жүргіземіз ғой!? Қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сол жұмыстар аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі», - деді Асхат Оралов. Оның айтуынша, «бір ғана оқиға болды екен деп, бүкіл спортшыларға топырақ шашуға болмайды».

Оралов мұндай оқиғалар, төбелестер «тек спортшылардың қатысуымен болмайтынын» атап өтеді.

Еске салайық, 11 шілдеде әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығында балалы ер адамды соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. 12 шілдеде ақпарат ресми түрде расталды.

Басы дауға қалған боксшы бұдан бұрын төбелеске қатысты өз нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол баласын қорғау мақсатында жәбірленушіге жұдырық сілтеген.