сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 21:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өз құқығыңды біл!

Өз құқығыңды біл!
ашық дереккөз
Қоғамдық орындар мен көшедегі дұрыс мінез-құлық дағдылары мектеп пен үйде қалыптасады.

 Осы ретте оқушыларға бастапқы құқықтық сауаттылық жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды. Өз кезегінде «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен осы тақырып аясында іс-шара өтті. Тараз қаласы, 39 мектеп-гимназиясында “Құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша” шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шарада мамандар оқушыларды бала құқықтары туралы Конвенциямен, адам құқықтары Декларациясымен таныстырды.
      Іс-шара барысында оқушылар мамандармен бірге өз құқықтарын талдап, құқықтарды бұзу мәселелерін шешіп, өздеріне таныс өмірлік жағдайларын талқылады. Қатысушылар "құқықтар - міндеттер" ойынына үлкен қызығушылықпен қатысып, құқықтар сатысы мен міндеттер сатысын құрды. Онда балалардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін атап өтті. 
       Мақсат білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар мектепте, үйде және қоғамдық орындарда адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін, дұрыс мінез-құлық дағдыларын қайталады. Оқушылар білімдерімен бөлісті, пікірталастар жүргізді, жаңа нәрселерді білді. Қосымша ақпарат ретінде бейнероликті тамашалады

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар