Жаңалықтар

Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Тұрсын Алагөзов сыйлаған көлікті мінуге неге қорқады

Белгілі қазақстандық кәсіпкер өзбек әншісіне «Cadillac Escalade» маркалы көліктің кілтін табыстады

Бұл туралы Атхамбек Юлдашев жеке парақшасына жариялады,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Шымкент сыра зауытының иесі, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі өзбек әншісіне құрмет көрсеткен. 

Су жаңа көлікке ие болған өзбек әншісі толқып кетті. Ол қуанышын жасыра алмай, ақжарма тілегін жаудырып,  көліктің кереметтігінен тіпті мінуге қорқатынын да айтып салды.

Желі қолданушылары жомарт Тұрсын Алагөзовке алғыс жаудырса, Атхамбекке құтты болсын айтып мәре-сәре болды.