Жаңалықтар

Өзбекстан 10 айда шетелге 1 млрд долларға жеміс-жидек пен көкөніс сатты

Өзбекстан 10 айда шетелге 1 млрд долларға жеміс-жидек пен көкөніс сатты

Өзбекстанның 10 айда қанша жеміс-көкөніс экспорттағаны туралы ақпарат белгілі болды. Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 903,3 млн АҚШ долларына 1,4 млн тонна жеміс-көкөніс экспорттады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 мың тоннаға артқан. 2022 жылдың 10 айында көкөністер экспортталған өнімдер арасында жемістер мен көкөністер көш бастап тұр. Олардың көлемі –  733 мың тонна. Одан кейінгі орындарға сәйкесінше 297 мың тонна және 185 400 тонна көлемінде жеміс-жидек пен пияз экспортталған. Экспортталған басқа өнімдер арасында көрсеткіш мынадай: Жүзім – 181 мың тонна; Қырыққабат – 135,2 мың тонна; Қарбыз-қауын – 134,3 мың тонна; Қызанақ – 65,8 мың тонна; Мейіз – 64,4 мың тонна; Кептірілген жеміс-жидек – 35,7 мың тонна; Жержаңғақ – 15,6 мың тонна.