Жаңалықтар

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.