жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбекстан президенті үйлерді аралап, жылуды тексерді

Өзбекстан президенті үйлерді аралап, жылуды тексерді
ашық дереккөзі
Өзбекстан президенті үйлерді аралап, жылуды тексерді
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы тұрғын үйлерді аралап, жылуды тексерді. Ол әуелі «Ташкент жылыту орталығы» кәсіпорнының Чиланзар жылу орталығына барды. Бұл кешен 1969 жылы салынған. Қазандықтың қуаттылығы 700 Гкал қуатына ие. Орталық 921 көпқабатты тұрғын үй мен 100-ден аса әлеуметтік сала нысандарын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Соңғы күндері ауа райының күрт суытуына байланысты газ қысымының төмендігі байқалған. Ол жылыту деңгейіне кері әсерін тигізіп жатыр. «Чиланзар» жылу орталығында жабдықтар мен желілер ескірген. Жылу беруде проблема бар. Сондықтан осыған байланысты қажетті шаралар талқыланды. Өзбекстан басшысы жылу өндірудің баламалы көздерін іздестіру, құбырлар мен үйлердегі температураны сақтау қажеттігін атап өтті. Ташкент қаласының аудандарына 2 мегаватт электр станцияларын әкелу және қосымша жылу энергиясын құру туралы ұсыныс мақұлданды. Осындай қондырғылардың бірі 1 340 үйді жылумен қамтамасыз етеді. Өнімнің өзіндік құны төмен болғандықтан, баға көтерілмейді. Осыдан кейін Шавкат Мирзияев күтпеген жерден «Ширин» махалласына барды. Тұрғындардың үйлерінде болып, тұрмыстық жағдай және жылумен қамту мәселесіне қызығушылық танытты. Сол жерде пәтерлердің біріне барып, қала тұрғынының жағдайымен танысты. Пәтер есігін ашқан адамнан бірден үйге жылудың қалай беріліп жатқанын сұрады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар