Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.
Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz мәліметінше, Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.