Өзбекстанда кәмелетке толмағандар үйлену той жасады
Бұқарада мектеп жасындағылардың үйлену тойы өтті. Ал негізі Өбекстандағы Отбасы кодексіне сәйкес, 18 жастан бастап некеге тұра алады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
16 жастағы бозбала мен 17 жастағы қыз отбасын құрған. Жасы кәмелетке толмағандардың мәселесіне балалар омбудсмені араласқан соң, жас жұбайлардың ата-анасына жаза қолданылуы мүмкін. Сән-салтанаты жарасқан тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін ерлі-зайыптылардың жасы 18-ге толмағаны анықталған. Желі қолданушылары да өз наразылықтарын білдірді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде таралған мәліметтерге сүйенсек, Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізген. Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілген.