Жаңалықтар

Өзбекстанда Сардоба ісіне байланысты 17 адам сотталды

The final spritzer

Өзбекстанда Сардоба ісіне байланысты 17 адам сотталды

Өзбекстанда былтыр мамыр айында Сардоба су бөгетінің жарылу оқиғасына байланысты 17 адам сотталды. Айыпталушылар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, оларға ірі көлемде айыппұл салынды. Ең ауыр жаза «Узтемир-юл-курилиш-монтаж» ұлттық компаниясының бас директоры болған Холматовқа кесілген. Ол ұрлық жасап, мүлікті талан таражға салды және қауіпсіздікке салғырт қарап адам өліміне себепші болды деп айыпталып, түрмеге 10 жылға тоғытылды. Сондай-ақ 4 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, былтыр мамырдың 1-де Өзбекстандағы Сардоба су бөгеті жарылып, қоймадан аққан су Өзбекстандағы елді мекендермен бірге Түркістан облысындағы бірнеше ауылды басып қалған еді. Жүздеген адам зардап шегіп, мыңдаған тұрғын эвакуацияланған болатын.