Жаңалықтар

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

Қазақстанда «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Байқауға барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының штаттағы педагогтары қатыса алады. Конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің осы салада жоғары жетістіктері және бес жыл педагогикалық тәжірибесі болуы керек. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі биыл қыркүйек айында өтеді.