Жаңалықтар

Зеленский Украинаны бейбітшілікке жеткізетін үш қадамды атады

Зеленский Украинаны бейбітшілікке жеткізетін үш қадамды атады

Украина басшысының сөзінше, бірінші қадам – Киевке заманауи танктер, артиллерия, снарядтар, сондай-ақ реактивті артиллерия мен алыс қашықтықтағы зымырандар беру. Екінші қадам – 2023 жылы Украинада қаржылық, энергетикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге қолдау көрсету, атап айтқанда украин энергетикасын соққылардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету. Үшінші қадам – Украина президенті бұрын ұсынған "бейбітшілік формуласын" орындау, сондай-ақ Global Peace Formula Summit-ті шақырып, Украинаның "бейбітшілік формуласының" тармақтары қалай және қашан жүзеге асырылатынын анықтау.