Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады

Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады

БЖЗҚ 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо

ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткілікті шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш. ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Жаңа жеткілікті шегі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Әдістемеге сәйкес, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер1 пайдаланылды: 1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге; 4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

Мысалы, кестеге қарасақ, 20 жастағы азаматта БЗЖҚ-сында 3 млн теңгеден аса ақшасы қалуы керек.