Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
- авторjambylinfo.kz
- 25 ақпан, 2021
- 231
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды.
Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға болады:
- дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;
- Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
- радионуклидтік және радиойодтерапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- протон терапиясы;
- офтальмологиялық қызметтер
25 ақпан күні емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беруге арналған портал іске қосылатыны бұған дейін хабарланған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тізімін 15 ақпанда бекітті. Бірақ қоғам талқысынан кейін зейнетақы жинағын қолдануға болатын қызметтер түрі толықтырылуы мүмкін екендігі айтылды. Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда баспана бағасы арзандауы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024