Жаңалықтар

Өзге ұлттар қазақтарға не үшін алғыс айтуы керек?

Өзге ұлттар қазақтарға не үшін алғыс айтуы керек?

2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні ретінде 1 наурыз Алғыс айту мерекесі деп белгіленіп, 2016 жылдан бері тойланып келеді. Осы орайда, «Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері қазақтарға не үшін алғыс айтуы керек?» деген заңды сұрақ туындайды. Мереке қарсаңында бұл сауалды әртүрлі сала мамандарына қойып көрдік, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық даму институтының сарапшысы Аман Мәмбеталиев бұл мерекенің мәнін бір адам екінші адамға алғыс айтады деп тікелей қабылдаудың қажеті жоқ деп есептейді. Оның ойынша, бұл мерекеге тарих тұрғысынан қарау керек.

Сарапшы сол кезде өзі қиналып отырған қазақ халқы өзге ұлттарға адам деп, құрбан деп қарап, жомарттық танытқанын айтады.

Ол трагедияға толған ХХ ғасырдың ішінде қазақ халқы біраз елді жоқ болып кетуден құтқарып қалғанын айтады. Бірақ билік өзі қылмыс жасаған соң КСРО заманында оны айтқызбаған.

Аман Мәмбеталиев Алғыс айту күнінде аталған тарихи кезеңдерді еске алу арқылы өзге ұлттар қазақ еліне рахмет айтқысы келіп, тілін үйреніп, мәдениетін сыйлай бастайтынын жеткізді. Сарапшының айтуынша, бұл тенденция өзге этнос өкілдеріне ғана емес, қазақ халқының өзіне де қажет. Алғыс айту қандай күнге айналды? Астана қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова осы күні Қазақстандағы барлық өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған, кеңпейіл, қонақжай қасиетімен дараланып тұратын қазақ халқына алғыс айтатынын атап өтіп, тарихи дерекке тоқталып өтті.

«City Transportation Systems» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Оксана Әубәкірова болса, көктемнің алғашқы күнімен бірге қарсы алатын Алғыс айту күні тек қазақ халқына ғана емес, баршаға алғыс айту күніне айналғанын айтады.