Жаңалықтар

Жұманғарин-қара шайды қантсыз ішемін

Жұманғарин-қара шайды қантсыз ішемін

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары міндетін атқарушы  – Сауда және интеграция министрі  Серік Жұманғарин шайді қантсыз ішетінін айтты.

Ведомства басшысының сөзінше, қант саласын дамыту үшін өз өндірісімізді дамыту маңызды. Елімізде өзін-өзі қамтамасыз ететін зауыттар жеткілікті, бірақ шикізат мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан алдымен кәсіпорындарға жеткізушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар керек дейді. Сонымен қатар Жұманғарин министрліктің жаңа логистиканы дамытумен белсенді айналысып жатқанына сендірді. Бұған дейін Сауда және интеграция министрі  Серік Жұмағарин қант нарығын реттеу үшін ірі зауыт салудың қажеті жоқ екенін айтқан еді.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында Серік Жұманғарин қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атаған болатын.  Еске сала кетейік,   экс-сауда министрі Бақыт Сұлтанов «шайды қант емес, балмен ішемін» деп айтқан еді. Дереккөз: BAQ.KZ