Жаңалықтар

Жұмыртқа бағасы неліктен өсті?

Жұмыртқа бағасы неліктен өсті?

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жұмыртқаның неліктен қымбаттағанын түсіндірді. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарған қарағанда, 2021 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеден бастап 485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады. Бағаның өсуінің негізгі себебі құстардың 2020 жылы тұмаудан қырылуы себеп болып отыр. Соның слдарынан 2020 жылы жұмыртқа өндірісі 8,4%-ға қысқарды. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша тұмау салдарынан 2,6 млн. мекиен тауық қырылған. Бағаның өсуінің екінші себебі – жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4%-ке ұлғайды. «Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде»,-делінген хабарламада.