Жұмыс беруші кәсіпкерлердің есебі тыңдалды
Жұмыс беруші кәсіпкерлердің есебі тыңдалды
Түзеу мекемелеріндегі еңбек дағдысы - болашақтағы табыс кілті. Оның үстіне, жазасын өтеушілер еркін өмірге жолдама алған соң, табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек, оларды жұмысқа тарту мәселесіне түзеу мекемесінде көңіл бөлген жөн.
Қазіргі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 мекемесінің аумағынан сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту мақсатында ашылған жұмыс орындары Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті арқылы сенімгерлік басқаруға берілген. Бүгін дәл осы мекеме аумағында жұмыс істейтін «Сәкен», «Асима» және «Алан» жеке кәсіпкерлігінің жылдық есебі тыңдалып, оң баға берілді.