дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар

Жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар
baq.kz
Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, тұрмыс-жағдайын түзеу – ешқашан күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл тұрғыда Тараз қаласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 16 513 адамды жұмыспен қамту жоспарланыпты.

2024 жылдың 31 мамырына дейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 5 888 тұрғын тартылған. Оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына 3 327 азамат жіберіліпті. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың 54,5 пайызы әйелдер болса, жастар 39,4 және мүгедектігі бар азаматтар үлесі – 3,9 пайыз.

Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде электронды еңбек биржасына жарияланған бос жұмыс орындарының халықтың жұмыспен қамтылуына тигізіп жатқан септігі мол. 2024 жылы жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында электронды еңбек биржасына енгізілетін жұмыс орындарының жоспары 805 орын болып бекітілген екен. Оның ішінде 659-ы тұрақты, 146-сы уақытша жұмыс орны. Бүгінгі таңда 243 адам жұмысқа орналасып, жоспар 30,2 пайызға орындалған. – Тараз қаласы бойынша 2024 жылға жұмыс берушілердің сұранысы негізінде жұмыссыздарды қысқамерзімді оқытуға 225 азамат және жұмыс орнында оқытуға 65 азамат жіберу жоспары бекітілді. Аталған жоспарды орындау осы айда бастау алады.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша 1 867 тұрғынды оқыту курсынан өткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге 683 азамат оқуға жолданып, оның ішінде 433-і оқуды аяқтаса, 44 тараздық жеке кәсіп ашты. «Enbek.kz» платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн оқытуға 658 адамды жіберу көзделген еді. Десе де меже артығымен орындалып, яғни бүгінгі таңда 751 адам онлайн оқуға жолданып, 687 адам қолына сертификат алды. Сонымен қатар мемлекеттік қайтарымсыз грантқа осы жылға бекітілген жоспар саны 180 адамды құрады. Бұл межені орындау барысы 2 лектен тұрады. Бірінші лек 20-31 мамыр айынан бастау алып, 350-ден аса тұрғын онлайн құжаттарын тапсырды. Биыл жастарға берілетін 2,5 пайыздық шағын несиені 108 өренге беруді көздеп отырмыз. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 675 адамды жұмысқа орналастыру керек болған. Осы жылдың қаңтар айында 252 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен «Жастар тәжірибесінен» өтуге жолданған болатын. Оның ішінде 41-і өз жұмысын аяқтап, 32-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

Биыл «Алғашқы жұмыс орындарына» 140 жұмыссызды жіберу жоспарланып, 38 жұмыссыз азамат жолданды. «Алғашқы жұмыс орындарына» жолданған жұмыссыз азаматтар 18 ай жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды орналастырамыз деп шештік. Бүгінгі күнге 29 жұмыссыз адам еңбекке араласты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 430 жұмыссыз азаматты орналастыру көзделсе, есепті мерзімде 1 696 азамат жұмысқа тұрып, меже артығымен орындалды. Оның ішінде 184-і жұмысын аяқтап, 118-і тұрақты жұмысқа орналастырылады. «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 7 жасты жұмыспен қамтуымыз керек болған. Әзірге 4 азаматқа жұмыс тауып бердік.«Күміс жас» жобасына 303 адамды жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 292 адамға жұмыс тауып беріліп, оның 11-і бойынша жұмыстың аяқталу мерзімі жетсе, екеуі тұрақты жұмыс тапты, – дейді Тараз қалалық мансап орталығының директоры Сәбит Мүсірепов.


Жалпы атаулы әлеуметтік көмек алу ісі тиісті азаматтарға шартсыз және шартты түрде көрсетілетіні белгілі. Шартсыз көмек алушылар – бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасылар. Шартты көмекті еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар алады. Шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін алдымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы бойынша міндеттемелері көрсетіледі. Анығын айтқанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетінен бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, күндізгі оқу бөлімінің оқушылары, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттар босатылады. Сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы, мүгедектігі бар баланы, I немесе II топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға, тұрақты жұмысы бар адамдарға және екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға да бұл міндетті емес.Тараз қаласында атаулы әлеуметтік көмек 10 760 адамнан тұратын 2 186 отбасына тағайындалыпты. Оның ішінде шартты ақшалай көмек түріне 1 348 отбасы өтінім тапсырған. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің саны 2 172 адамды құраған. Оның ішінде 251-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылыпты. Жылдық жоспар 80 пайыз болса, көрсеткіш 71,1 пайызды құраған. Өткен айдың аяғында 4 406 азаматқа «HR» электрондық келісімшарт жасалып, 2 156 азаматтың міндетті зейнетақы жарнасы аударылған.

– 2024 жылдың наурыз айының соңында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкене көл ауылынан келген делегаттармен бірлесе ауылдарды араладық. Осылайша тұрғындар арасында ерікті түрде солтүстікке қоныс аударғысы келетіндерге жәрдемдесу, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Ізденушілермен жұмыс жасау» және «Жұмыс берушілермен байланыс жасау» бөлімінің қызметкерлері «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама» аясында халық көп шоғырланатын түрлі сауда орталықтары мен базарларда айына 2 реттен жұмыссыз азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылуда.Облыс әкімдігінің 2023 жылғы «2024 жылға жекелеген санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысындағы «2024 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру» міндеттемесін орындау үшін жұмыс берушілердің келісімімен 17 бос жұмыс орнына квота белгіленді. Есепті кезеңге 5 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

ҚР Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл тұрғыда облыс әкімдігінің «2024 жылға жекелеген санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысындағы 2024 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру межесін орындау үшін 10 жұмыс берушінің келісімімен 15 бос жұмыс орнына квота белгіленді. Қазіргі таңда осы квотамен 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты, – дейді Сәбит Мейірханұлы.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау бойынша осы жылға 9 азаматты еңбекке тарту жоспарланыпты. Бұл бойынша да бүгінгі күнге 7 мүгедектігі бар азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Жалпы еңбек етуге ниетті немесе жұмысынан босағандар қайта жұмысқа тұруы үшін Тараз қалалық мансап орталығына көптеп қайырылуда.Оларды орталық мамандары тіркеуге алып, жұмысқа орналастыру, кәсіптік негізде оқыту курсынан өткізу, мамандық игерту, қайтарымсыз қаржы немесе жеңілдетілген пайызбен несие алу арқылы кәсіп ашуына жағдай жасау мақсатында қызметтер ұсынуда. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар