жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыспен қамту – басты міндет

Жұмыспен қамту – басты міндет
ашық дереккөзі
Жұмыспен қамту – басты міндет
Еңбек – бәрінде жеңбек. Иә, қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ. Таңсәріден кешке дейін еңбек адамның абыройы да арта түседі. Мұны жете түсінген мемлекет жабық мекемелерде жазасын өтейтін адамдардың жұмыспен қамтылуына бар жағдай жасауда. Бұл ретте ҚАЖ қызметкерлерінің еңбегі зор. Себебі, дәл осы сала қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылған жандардың жұмыспен қамтылуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде 201 сотталған азамат «екі қолға бір күрек» тапқан. Ал В.С.Храмцов басқаратын «Запчасть» серіктестігінде 13 адам еңбек етеді. Олар темірден түйін түйіп, түрлі салаға қажетті техниканың мінсіз жұмыс істеуі үшін тер төгуде. Осылайша, мұндағы сотталғандар азаматтар мемлекет және жәбірленуіші алдындағы талап-қарыздарын өтеп қана қоймай, жанұяларына да қаражатпен көмектесуге мүмкіндік алып отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Latin American Wedding party Traditions
Алдыңғы мақала
Latin American Wedding party Traditions

Ұқсас жаңалықтар