Жұмысшы құқығын қорғайтын ұйым
Кәсіподаққа мүше болудың артықшылығы көп. Нақты айтқанда, кәсіподақтың жұмысы тиісті жарнаны жинап алып, қарап отыру емес. Ең алдымен бұл ұйым қызметкердің уақтылы жалақы алуын, жұмысшының басшылық тараптан нақақтан-нақақ жапа шекпеуін, қосымша төлемақылардың заңды берілуін, еңбек қатынасындағы құқықтардың сақталуын, еңбек қауіпсіздігін болдырмау секілді сан түрлі мәселелерді қамтиды.
Негізінде көбіне еңбек дауы ұжымдық шарты жоқ мекеме ішінде немесе кәсіподаққа мүше емес ұжым арасында туып жатады. Тегінде жергілікті немесе салалық болсын кәсіподақ деген ұйымның атқаратын қызметі бірдей. Мәселен, біздің облыстағы денсаулық сақтау саласын алар болсақ, осы саланың өзінде екі-үш кәсіподақ бар. Соның бірі – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы. Оның құрамына өңірдегі 21 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар 38 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді. Облыс бойынша филиал құрамына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басым бөлігі кіреді, ал үшеуі басқа кәсіподақ қатарында. Осы жылдың басынан бері 2 медициналық ұйым осы филиалдың құрамына еніпті.
Аталған ұйым бүгінде не іс тындырып отыр дейтін болсақ, наурыз айында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «SЕNІМ»-нің облыстық филиалы және «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің облыстық филиалы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған келісімге сәйкес, бұрын берілген біліктілік санаттары (жоғары, бірінші, екінші) ескеріле отырып жыл аяғына дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеу уақытша қамтамасыз етіліпті. 6 айда кәсіподақ мүшелерін санаториялық-курорттық емдеуге жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеге 132 жолдама берілген екен. Жазғы сауықтыру лагерьлерінде 1,3 миллион теңгеге кәсіподақ мүшелерінің 14 жасқа дейінгі 31 баласы сауықтырылған. Мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтыру іс-шараларына жұмсалған қаржылық шығындар 5,9 миллион теңгені құраған.
Мамыр айының соңында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Медицина үздігі – 2022» атты медицина қызметкерлері күніне арналған облыстық кәсіби байқауы өткені есте. Осы байқаудың да демеушісі «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалы болғанын біреу білсе, біреу білмес. Облыстағы медициналық ұйымдар дәрігерлерінің беделі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат еткен байқаудың қатысушыларға бергені мол. Конкурсқа кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар дәрігерлер, кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар менеджерлердің қатысуы осыны айғақтайды.
Мұны айтып отырған себебіміз байқаудың қорытындысы бойынша барлық номинация жеңімпаздары мен қатысушыларына «Технодом» акционерлік қоғамы ақшалай сертификаттар мен дипломдар табыс етіп, ақ халаттыларды бір марқайтып тастаған-ды. Жылдың 6 айында кәсіподақ мүшелеріне жалпы сомасы 2,7 миллион теңгені құрайтын қайырымдылық көмек көрсетілуі де өнегелі іс. Тағы бір айта кетер жайт, жас мамандарға қолдау ретінде медицина қызметкері күніне орай былтыр 18 маусымда Қаратау және Жаңатас моноқалаларында жұмыс істейтін 11 жас маманға жалпы сомасы 5 500 000 теңгені құрайтын 500 мың теңгенің сертификаттары табыс етілген еді. Бұл «SENIM»-нің біздегі филиалы қызметінің басым бағыттарының бірі десек те болады. Осы жылдың 6 айында филиал 8,3 миллион теңге көлемінде демеушілік көрсеткен екен.
– Мамыр айында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында Халықаралық медбике күніне арналған «Стационарлық қызметтің үздік мейіргері – 2022» атты орта медициналық білімі бар мамандар арасында облыстық кәсіби байқау өткен болатын. Конкурсқа Тараз қаласы мен облыс аудандарындағы медициналық ұйымдардың мейіргері мамандары қатысты. Мұны да біз лайықты деңгейде ұйымдастырдық деп ойлаймын. Мұндай ұйым жұмыс беруші мен жұмысшы арасына қай кездеде дәнекер бола алады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жеке куәлік қанша теңгеге рәсімделеді?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді елде баспанасы жоқ әрбір адам үй алу кезегіне тұра алады
- авторjambylinfo.kz
- 23 қараша, 2024