жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыссыз азаматтардың МӘМС-ке қатысу мүмкіндігі артады

Жұмыссыз азаматтардың МӘМС-ке қатысу мүмкіндігі артады
Фото: pixabay.com
Келесі жыл республикалық бюджеттен өңір әкімдіктеріне 32 млрд теңге бөлінеді.

 Бұл қаражат жұмыссыздар мен әл-ауқаты төмен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге жұмсалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv  сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қосымша 1 миллионға жуық азамат жоспарлы медициналық көмекпен қамтылады. 

Бұл халықтың денсаулығын жақсартуға және жалпы ұлттық әл-ауқатты арттыруға сеп болмақ. Жүйенің тағы бір жаңашылдығы енді жоғарғы шектеу алынып тасталады.

"Қазіргі таңда ол жоғарғы шектеу ең төменгі жалақыға тең болатын. Шамалы теңсіздік болатын. Мысалы, 200 мың теңге алатын адам 4 мың төлейтін болса, 850 мың алатын адам ол 17 мың теңгеден аспайды. 2 млн алса да, 17 мыңнан аспайтын. Енді сол әділеттілікті қайтадан орнатып, жоғарғы деңгей алып тасталып отыр. Ол осы жүйеге 200 млрд теңгедей алып келеді. Жаңа жүйеге 1 млн адам келеді дедік қой. Сол жарналарына да, бәріне жетеді деп ойлаймыз."

Ләззат Шоманова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар