жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу туралы SMS хабарлама жіберіледі

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу туралы SMS хабарлама жіберіледі
Фото: ЖИ
24790 қазақстандық өмірлік қиын жағдайға тап болған.

  Қазақстанда жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді.

Ұлттық статистикалық бюромен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.

 

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар