Жаңалықтар

Жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13% артады

Жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13% артады

2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем арттырылған мөлшерде тағайындалмақ. Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері де 8,5%-ға артқан.