бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Кәсіпқой бокс кешін 14 шілде күні сағат 6:00-де "Qazsport" пен "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді

WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының
жаңазеландиялық Андрей Михайловичке
қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды Jambylinfo.Kz.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді деп жоспарланған. 

Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында алда өтетін жекпе-жегін нокаутпен аяқтайтынына сенім білдірген болатын.

«Бұл кеште жылдам нокаут болады, құдай қаласа. Сондықтан жекпе-жектен кейін не істейтіндеріңді жоспарлай беріңдер», - деп жазды ол шаршы алаңдағы қарсыласына қарата.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар