Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Кәсіпқой бокс кешін 14 шілде күні сағат 6:00-де "Qazsport" пен "Qazaqstan" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді

WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының
жаңазеландиялық Андрей Михайловичке
қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды Jambylinfo.Kz.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді деп жоспарланған. 

Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында алда өтетін жекпе-жегін нокаутпен аяқтайтынына сенім білдірген болатын.