Жаңалықтар
Жәнібек өзін асырап алған анасын көрсетіп, оны Қазақ елімен таныстыратынын айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 5 сәуір, 2024
- 1.9k
Бірнеше айдан бері биологиялық анасын іздеп жүрген қандасымыз Жәнібек өзін асырап алған бельгиялық анасы Валеримен сөйлесіп, оны Қазақ елімен таныстыратынын айты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жәнібек асырап алған анасымен скайп арқылы байланысқа шығып, қазақстандықтар ол кісімен қатысқысы келетінін жеткізді.
«Валери, қайырлы күн! Жүздеспегелі көп болды. Қазақстандағы достарымның сізге сұрақтары бар екен. Олар сізбен тікелей байланысқа шығып, танысып, өзіңізді көргілері келеді. Келесі аптада сұрақ-жауап ұйымдастырсақ қалай қарайсыз,-деді Жәнібек.
Баласының сауалына Валери ханым «иә, келісемін» деп жауап берді.
«Керемет, Қазақ елі сізбен танысады. Келесі аптада жүздесеміз», – деп сөзін аяқтады сөзін Жәнібек қуанып.