дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәнібектің анасы қатты ауырып жатыр

Жәнібектің анасы қатты ауырып жатыр
Сурет: Видеодан скриншот
Қазақ баласын бауырына басқан бельгиялық әйелін хәл үстінде жатыр

6 айдан бері туған анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев бельгоиялық өгей шешесінің ауырып жатқанын айтты. Ол бұл туралы  әлеуметтік желідегі парақшасында жазған,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жәнібектің сөзінше, өзін асырап алған анасы қазір қатты қиналып жатыр.

«Соңғы кезде жағдайым қиын болыр тұр. Бәріңіз жақсы танитын асырап алған анам қатты науқастанып,  жаны қатты қиналып жатыр. Мен анама, алдыңғы бейнероликте сіздердің жазған ақ тілектеріңіз жылы пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін аулағандай болдым. Сіздер анамның тілеуін тілеп қойыңыздаршы. Алла шипасын берсін»,-деді ол.

Сондай-ақ, Жәнібек алдағы жоспарлары туралы айтқан.

Ол алдағы уақытта өзінің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін қызықты бейнебаян жариялайтынын, жақында Қазақстанға келуге ниетті екенін жазған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар