бейсенбі, 3 қазан, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүрегіне пышақ салынған науқастың өмірін сақтап қалды

Жүрегіне пышақ салынған науқастың өмірін сақтап қалды
ашық дереккөзі
Жүрегіне пышақ салынған науқастың өмірін сақтап қалды
Жаңатас дәрігерлері жүрегіне пышақ салынған науқастың өмірін сақтап қалды. Кеуде қуысының пышақ жарақаты бар 23 жастағы ер адам Сарысу орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде өте ауыр жағдайда, ес-түссіз, үлкен қан жоғалтумен түскен. Сол сәтте оның қан айналымы да байқалмай, өмір тіршілігі тоқтай бастаған . Дәрігерлер одан қарқынды қан кетумен пышақ жарақатын анықтаған. Пышақ сыртқы қабыққа, жүректің сол жақ қарыншасына, сондай-ақ сол жақ өкпенің тамырына тиіпті. Бірнеше минут ішінде науқас операциялық үстелге алынды. Ота 1 сағат 20 минутқа созылып, оның барысында торакотомия жасалды, яғни жүректің сол жақ қарыншасының жарасына қолжеткізуге және тігуге мүмкіндік беретін кеуде қуысының ашылуы жасалды. Мұндай жарақаттың күрделілігі: жараны тігу - жүрек соғуын тоқтатпай жасау. Ұзаққа созылған күрделі хирургиялық араласудан соң, дәрігерлер қан кету қаупін жойып, гемодинамика қалпына келеді. Хирургтер Қайрат Әжібеков, Ержан Досалиев және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Дәурен Әбдіров жасаған операция сәтті өтті. Бүгінде пациенттің жағдайы жақсарып, жағдайы тұрақталып, өміріне төнген қауіп сейілді. - Ол "жейдеде" дүниеге келген, - дейді аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әжібеков. - Көбінесе жүрек пен өкпенің мұндай жарақаттары өліммен аяқталады. Қиындықты еңсеру - оларды орындау жылдамдығын жасаған хирургтар тобының, анестезиолог-реаниматологтардың, операциялық медбикелердің тез және үйлесімді жұмысында болды. Бұл жағдайда пациенттің тірі қалуы - уақтылы хирургиялық араласуда ғана. Бұл - түнгі сағат 2.30-да болған жағдай. Науқастың ауруханаға тез жеткізілуі - оның өмірін сақтап қалды. Ол нөлдік қысымды жарақаттан кейін шамамен 5-7 минуттан кейін, ес-түссіз, қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Осы уақыт ішінде ол қанының жартысынан көбін жоғалтқан. Менің хирургиядағы 36 жылдық тәжірибемде мұндай бірнеше жағдай болды. Біздің міндетіміз - пациентке көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу,- деп бөлісті өз ойымен Қ. Әжібеков. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар