Жаңалықтар

Жүрек ауруларын көбейтеді: ​​​​​​​Мамандар соғымды тұздамауға кеңес берді

Жүрек ауруларын көбейтеді: ​​​​​​​Мамандар соғымды тұздамауға кеңес берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ересектер күнделікті тамақтану кезінде астың құрамындағы тұз мөлшерін тәулігіне 5 грамнан асырмау керек. Ал балалар үшін одан да төмен. Қазақстанда оның көлемі 17 грамм. Ұлттық салауатты тамақтану орталығының атқарушы директоры Ақкүміс Салханованың айтуынша, тұзды көп тұтыну жүрек-қан тамырлары жүйесіне қауіпті, ол түрлі ауруға әкелуі мүмкін. Онсыз да Қазақстанда дәл осы жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім ішінде бірінші орында тұр. Сонымен қатар, бүйрек жұмысына да кері әсер етеді. Сондықтан тұз тұтыну көлемін азайту керек.

Сондай-ақ, маман жұмыртқаны тұзға батырып жеуді де доғару қажет екенін айтады. Себебі, жұмыртқаның өз құрамында тұз мөлшері жеткілікті. Сонымен бірге, соғым жеу тәртібіне де мұқият болу керек дегенді қатаң ескертеді. Оның сөзінше, жалпы, жылқы еті өте пайдалы әрі ерекше өнім. Өйткені, ол құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар қызыл ет. Бұл балық майында кездесетін және дәрігерлер ұсынатын нағыз пайдалы майлар. Сол үшін де ол диеталық терапияда қолданылады және денсаулыққа өте пайдалы.