Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқу қайта міндеттеледі - ҚР ІІМ
- авторjambylinfo.kz
- 20 сәуір, 2024
- 662
Қазақстанда жүргізу куәлігін алу үшін автомепктептерде оқу талабы қайта енгізілетін болды. Бұйрықты ҚР ІІМ қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo kz.
Жүргізуші куәлігін алу туралы талаптар 2016 жылы өзгертілген болатын.
Ол кезде құжатты алу үшін емтихан тапсырар алдында автомектептерде оқу міндетті емес деп шешілген еді.
Азаматтар өздері дайындалып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып емтихан тапсырып жүрді.
Алайда сала мамандарының сөзінше, жүргізушілердің жолда жүру ережелерін жиі бұзатындықтан бұрынғы талап қайта енгізіп отыр.
"Бұйрық 2024 жылдың 23-ші сәуірінен күшіне енеді. Осы күннен бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар көлікке отыруға рұқсат ететін медицицналық анықтама, автомектепте курстарды тәмамдады деген куәлігі болған жағдайда ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыра алады", -деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз