Жаңалықтар

“Жаңа Қазақстан” жайлы бейнероликке 9,7млн теңге жұмсалмақ

“Жаңа Қазақстан” жайлы бейнероликке 9,7млн теңге жұмсалмақ

Мемлекеттік сатып алу порталында «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» атты жобаны іске асыру үшін бейнеролик және сюжет түсіруге арналған лот жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысының халық шығармашылығы орталығы ұзақтығы екі минуттан 60 минутқа дейінгі бейнероликке 9 млн 750 мың теңге ұсынбақ. Портал мәліметіне сүйенсек, видеолар ауыл өмірі, ұрпақтар сабақтастығы, «Солтүстік Қазақстан облысындағы өмірге конституциялық өзгерістердің әсері» туралы болады.