сенбі, 14 ақпан, 2026 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Конституция жобасы қоғам талқысында: «Референдум–2026» онлайн марафоны

Жаңа Конституция жобасы қоғам талқысында: «Референдум–2026» онлайн марафоны
Фото: ашық дереккөз
Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаңда 6 сағат бойы құжаттың мазмұны, логикасы және оның қоғам өміріне ықпалы жан-жақты талқылануда.

Онлайн марафон аясында Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, қоғам өкілдері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділерден құралған 100-ге жуық спикер ашық диалог форматында пікір алмасуда.

Марафон барысында Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Айдарбек Қожаназаров, сондай-ақ саясаттанушы Индира Рыстина жаңа Конституциядағы өзгерістердің мәніне талдау жасады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Айдос Сарым цифрлық деректердің алғаш рет Конституцияға енгізілуі бірқатар кодекстер мен заңдарға өзгеріс енгізуге негіз болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ал саясаттанушы Индира Рыстина жаңа Преамбулада ел тарихы, қоғамның қазіргі келбеті және мемлекеттің негізгі қағидаттары нақты әрі түсінікті көрсетілгенін айтты. Оның пікірінше, кіріспе бөлім мектеп оқушысына да ұғынықты жазылған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар