Жаңалықтар

Жаңа өндіріс орындарын ашу талқыланды

Жаңа өндіріс орындарын ашу талқыланды

"KIDF management company" компаниясының өкілдері Жамбыл облысының аумағында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасын таныстырды. Нысанның құрылысы кезінде 1,3 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ірі жел электр станциясының іске қосылуы көмірқышқыл газының шығарындыларын жыл сайын 1,1 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС кәсіпорынның қуаттылығын жылына 8 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыруды көзделуде. Құс шаруашылығын дамыту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысында 40 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында белгілі болды. Онда жаңа өндіріс орындарын ашу және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жобалары кеңінен талқыланды.