Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушы тегін тамақпен қамтылады

Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді

Үкімет отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министр өз сөзінде 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақпен қамтылатынын айтты.

«Жаңа оқу жылында 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақпен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар»,-деді министр Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.