жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

2024-2025 оқу жылында оқушылар қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта. 
Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда оқу уақыты - 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал,11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйек пен 25 мамыр аралығына жоспарланған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар