Жаңа Рим папасын сайлау үшін конклав 7 мамырда өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 сәуір, 2025
- 444
Ватиканда Сикстин капелласы туристер үшін жабылды. XV ғасырда салынған ғимаратта кардиналдардың конклавы өтеді. Конклав 7 мамырда басталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады. Сайлау Сикстин капелласында өтеді, онда кардиналдар жабық есік жағдайында дауыс береді. Әр дауыс беруден кейін түтін шығарылады: қара түтін - шешім қабылданбағанын, ақ түтін – жаңа Папа сайланғанын білдіреді.
Құпия жиында католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланбақ. Алайда жаңа папаны сайлау бірнеше айға, тіптен жылға созылуы мүмкін.
Мәселен, 1268 жылы конклав 2 жылға жалғасты. Ал ең қысқасы 1503 жылы өтіп, бірнеше сағатқа созылған. 2013 жылдан бері Рим папасы болған Франциск 21 сәуірде 88 жасында инсульттен қайтыс болды.
Еліміз бойынша 1363 бала қызылша жұқтырған
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент – Бангкок: SCAT әуекомпаниясы жаңа бағытта рейс ашады
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 тамыз, 2025