Жаңалықтар

Жаңа Рим папасын сайлау үшін конклав 7 мамырда өтеді

The final spritzer

Бұл шешім 28 сәуірде кардиналдардың жабық жиналысында қабылданған.

Ватиканда Сикстин капелласы туристер үшін жабылды. XV ғасырда салынған ғимаратта кардиналдардың конклавы өтеді. Конклав 7 мамырда басталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады. Сайлау Сикстин капелласында өтеді, онда кардиналдар жабық есік жағдайында дауыс береді. Әр дауыс беруден кейін түтін шығарылады: қара түтін - шешім қабылданбағанын, ақ түтін – жаңа Папа сайланғанын білдіреді.

Құпия жиында католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланбақ. Алайда жаңа папаны сайлау бірнеше айға, тіптен жылға созылуы мүмкін.

Мәселен, 1268 жылы конклав 2 жылға жалғасты. Ал ең қысқасы 1503 жылы өтіп, бірнеше сағатқа созылған. 2013 жылдан бері Рим папасы болған Франциск 21 сәуірде 88 жасында инсульттен қайтыс болды.