Жаңалықтар

Жаңа заң жобасы сөз бостандығын шектей ме - журналистер Президентке Үндеу жолдады

Жаңа заң жобасы сөз бостандығын шектей ме - журналистер Президентке Үндеу жолдады

Қазақстандағы журналистер мен БАҚ сарапшылары «Масс-медиа туралы» заң жобасы төңірегінде қалыптасқан жағдайға наразы, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанында құрамына 60-тан астам медиасала өкілдері, сарапшылар мен журналистер кірген жұмыс тобының мүшелері бірнеше ай бойы БАҚ туралы заң жобасының мәтінін талқылады. Түбегейлі жаңа, озық заң жасау туралы мәлімдемеге қарамастан, министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» екі ескі құжатты араластыруды ұсынған.

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Парламент қарауына ұсынылуы жоспарланған заң жобасының қабылдануына қарсылығын білдірген журналистер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевқа Үндеу жолдады.